Астанада жұтқыншақ ісігін емдеудің жаңа әдісімен 4 ота жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жұтқыншақ ісігін емдеудің жаңа әдісімен 4 ота жасалды

Астанада жұтқыншақ ісігін емдеудің жаңа әдісімен 4 ота жасалды

Елордада №1 қалалық аурухананың Оториноларингология орталығында жастық мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасын хирургиялық емдеудің жаңа әдісімен 4 ота жасалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

  • 5 Қараша 2013
  • 797
Фото - Caravan.kz

«Жарты жыл бойы дәрігерлер ойлап тапқан емдеу әдісінің тиімділігін түпкілікті бағалау үшін операциядан кейінгі кезеңде пациенттердің жағдайын бақылаған. Дәрігерлердің жағымды үміттері расталды, барлық пациенттер өзін жақсы сезінеді»,- дейді дәрігерлер.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында №1 қалалық аурухананың Оториноларингология орталығының жетекші мамандары интервенциялық рентгенхирургтармен бірлесіп жастық мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасын хирургиялық емдеудің жаңа әдісін жасап, енгізген.

Жастық мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасы жасөспірімдерде ең жиі кездесетін мұрын-жұтқыншақ ісіктерінің біріне жатады. Айта кетейік, бас пен мойынның барлық ісіктерінің кездесу жиілігі 50-60 мың ЛОР пациентерге 1 немесе 0,5% құрайды. Аурудың белгілері ісіктердің ұлғаюы мен шектес құрылымдардың зақымдануына қарай артады. Патологияны анықтау мен емдеу қиын, ал осы түрдің ісіктерін сылып тастау бойынша операциялар оториноларингологиядағы ең күрделі оталар болып саналады.