Елімізде жұмыртқаның бағасы күрт қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жұмыртқаның бағасы күрт қымбаттады

Елімізде жұмыртқаның бағасы күрт қымбаттады

Айналдырған төрт тәуліктің ішінде оның бағасы 140-тан 250 теңгеге бірақ көтерілген. Ақтауда тіпті 320 теңгеге жетіпті. Мамандар бағаның бұлайша шарықтауын іргелес Ресейдегі жағдаймен тығыз байланыстырып отыр. Себебі ол жақта жұмыртқаға сұраныс артқан. Ал нарықтағы бағаны тұрақты ұстап тұруға шенеуніктер қауқарсыз.

  • 7 Қараша 2013
  • 314
Фото - Caravan.kz

Жұғымды ас болғандықтан,жұмыртқа өтімді тауардың бірі. Соңғы үш күнде оның бағасы екі есеге қымбаттап, ең арзаны 250 теңгеден сатылып жатыр. Әсіресе Ақтау қаласында он түйір жұмыртқаның құны 320 теңгеге дейін өскен. Бұл өңірдегі дүкеншілер бағаның бұлайша шарықтауын тасымалдаушылардан көріп отыр. 

Гүлнұр Қызбасова, Ақтау қаласының тұрғыны:

Апта басында жұмыртқа тасымалдаушылар 250 теңгеден әкеліп отырды. Қазір бізге 290-300 теңгеден өткізеді. Амал жоқ бізге де дүкендегі бағаны көтеруге тура келді. Жұмыртқаның құны соңғы екі айдан бері күн сайын қымбаттап жатыр.

Сегіз бірдей құс фабрикасы бар Петропавлдың өзінде жұғымды астың құны жоғарлап, 280 теңгеге жеткен. Ресейде сұраныс артқан соң кәсіпкерлер өнімнің бағасын асырып сол жаққа апарып сатып жатқан көрінеді.


Күлаш Жәнібекова, Петропавл қаласының тұрғыны: 

— Бұрын ондай баға болған жоқ. Биыл білмеймін кім істеп жатқанын бұл бағаны. Енді халық сатпай отыра ма? 

Жұмыртқаның қымбаттағыны қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиюде. Әсіресе зейнеткерлер бағаны бетімен жіберіп алған шенеуніктерге қатты қапалы.

Гүлнар Таласова, Ақтөбе қаласының тұрғыны

— Шамалы түсу керек деп ойлаймын. Арзандау болу керек. Халықтың негізгі тұтынатын тағамы ғой енді.

Аймақтарда азық-түлік бағасын қадағалап отыратын кәсіпкерлік бөліміндегілердің ешбірі жұмыртқаның құны неліктен шарықтап бара жатқанын ашып түсіндіріп бере алмады. Тіпті бағаның қашан бір ізге түсетінін де кесіп айта алмай отыр.