Еңбек қабілетін жоғалтқандарға берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арттырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек қабілетін жоғалтқандарға берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арттырылады

Еңбек қабілетін жоғалтқандарға берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арттырылады

Үкімет Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру туралы қаулы етті.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «2014 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 С.АХМЕТОВ.