Қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды - Астана әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды - Астана әкімі

Қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды - Астана әкімі

Жалпы қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 313
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елорданың әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«Астананың индустриялық-инновациялық дамуы бойынша жалпы көлемі 87 млрд. теңгеден астам қаржыны құраған 19 инвестициялық жобаның жұмысы жолға қойылды. Осының арқасында қаламызда 300 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды»,-деді әкім.

И. Тасмағамбетовтың сөзіне қарағанда, жалпы қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылса, оның 12 мыңы шағын және орта бизнес саласында. Нәтижесінде осы жылы қала қазынасына құйылған салық түсімінің көлемі 600 млрд. теңгені құрады.