2017 жылға дейін Астанада құлау алдында тұрған 228 үй бұзылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылға дейін Астанада құлау алдында тұрған 228 үй бұзылады

2017 жылға дейін Астанада құлау алдында тұрған 228 үй бұзылады

Астанада 2017 жылға дейін апатты жағдайда тұрған 228 үй бұзылады.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 317
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«Апатты жағдайда тұрған үйлерді бұзу жобасы бойынша 228 үй бұзылады. Тұрғындарға жаңа үйлерден пәтер беріледі», — деді ол жұма күні президент жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

Әкімнің айтуынша, бұзылатын үйлердің жалпы аумағы 150 мың шаршы метрге жуықтайды. Осындай үйлерде тұратын 3519 отбасын баспанамен қамтамасыз ету қажет.

Жалпы, 2013 жылы елордада 1,1-1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті.


«Астана салына басталы бері қалада 12 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген, Мемлекеттік қолдау тетіктері мен арнайы бағдарламалардың арқасында 18 мың отбасы немесе 60 мың адам баспаналы болды», — деді шаһар басшысы.