28 жастағы дігіт өгей әкесін атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
28 жастағы дігіт өгей әкесін атып өлтірді

28 жастағы дігіт өгей әкесін атып өлтірді

Орал қаласындағы 3-Завокзальный тупик көшесінде 24 желтоқсан күні 1985 жылғы тұрғын 46 жасар өгей әкесін атып өлтірді.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 560
Фото - Caravan.kz


Орал қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, өгей баласы әкесін түнде келіп, басынан атап өлтірген де, қылмыстың ізін жасыру мақсатында шолақ мылтығын суға, Шаған өзеніне лақтырып кеткен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер бастапқыда үш жорамал бойынша жұмыс жасады. Оның біріншісі — кісі өлтіру арқылы тонау, арақ ішуден болған жанжал және туыс адамдар арасындағы қырғиқабақ қарым-қатынас. Сөйтсе, өгей ұл полицейлерді адастыру мақсатында әдейі тонау белгілерін және арақтан босаған бос шыныларды қалдырып кеткен.
Қылмыстың ізі суымай, ұсталған 28 жасар күдіктінің өгей әкесімен өштесуінің соңы осындай қылмысқа әкелді. Кеше қылмыс құралы — мылтық алынды.
Уақытша оқшаулау изоляторына қамалған күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Оның үстінен ҚР ҚК 96-бабына сәйкес (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.