Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Нұржан Сәбитұлы Календеров Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.

  • 31 Желтоқсан 2013
  • 519
Фото - Caravan.kz

Календеров Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы туған, жоғары білімді (Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі технологиялық институты, мамандығы халықаралық экономикалық қатынастар).

Еңбек жолын ол 1977 жылы «Арнабол» ЖШС-де есепші болып бастаған. Зейнетақы төлеу бойынша облыстық мемлекеттік орталықта, Жамбыл облысы әкімінің аппаратында істеген.

2005-2011 жылдар аралығында — бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы болып қызмет істеді. 2011-2013 жылдары — Жамбыл ауданының әкімі болды. 2013 жылдың маусымынан Қордай ауданының әкімі болып қызмет етті.