5 пайызға, заңды тұлғалар үшін 11,4 пайызға қымбаттады.
Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлағандай, электр плитасын пайдаланбайтын 1-деңгейдегі (айына бір кісіге шаққанда 70 кВт энергия тұтынатын) жеке тұлғалар жарықтың 1 кВт үшін 11 теңге 94 тиын, екінші деңгейге жататын жеке тұлғалар 15 теңге 86 тиын, үшінші деңгейдегілер 19 теңге 82 тиын төлейді.
Тарифтің қымбаттауына қуат көздерін сату құнының 8 пайызға, оны тасымалдау бағасының 14 пайызға өсуі түрткі болып отыр, делінген хабарламада.