Теміртауда полицейлер мінген көлік жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда полицейлер мінген көлік жол апатына ұшырады

Теміртауда полицейлер мінген көлік жол апатына ұшырады

Қарағанды облысының Теміртау қаласында полиция көлігі жол апатына ұшырады.

  • 6 Қаңтар 2014
  • 302
Фото - Caravan.kz

Қалалық ІІБ хабарлауынша, «Мерседес» көлігі жедел-тергеу бөлімі қызметкерлері мінген «УАЗ-бен» соқтығысқан.

«Ешкі зардап шеккен жоқ. Қызметтік машина біраз зақымданған. Жол апатына кінәлі жүргізуші айыбын мойындады. Ол полиция көлігін өз есебінен жөндеп беретін болды», — делінген хабарлаада.

Жол апатына себепші болған жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.