Бұл алдыңғы жылдың соңғы айындағы көрсеткіштен екі есе артық.
Оның 235 мың тоннасы ішкі нарыққа, қалған 769 мың тоннасы экспортқа шығарылды, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.
«Астық негізінен дәстүрлі бағыт бойынша Орта Азия (220 мың тонна), Кавказ (103 мың тонна) елдеріне, Ресейге, Қара және Балтық теңізі порттарына (238 мың тонна) жөнелтілді. Ақтау порты арқылы Иран жағына 88 мың тонна, Өзен-Түркіменстан шекарасы жаңа темір жол желісі арқылы 58 мың тонна, Қытайға 54 мың тонна, Ауғанстанға 8 мың тонна астық жөнелтілді», — делінген хабарламада.