Әр үйге бес жалшыдан - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әр үйге бес жалшыдан

Әр үйге бес жалшыдан

Енді еңбек мигрантын пайдаланғысы келген азаматтарға 5 келісмектен артық ұстауға болмайды. Ал шетелдіктердің өзі еңбегі үшін салық төлеуі тиіс. Тиісті заң алдағы ақпан айынан бастап күшіне енбек.

  • 7 Қаңтар 2014
  • 250
Фото - Caravan.kz


Елімізге күнкөріс қамымен келетіндер де, оларды жұмыспен қамтушылар да бұған дейін қазынаға көк тиын салық төлемей келген. Енді жаңа ережеге сай олар көші-қон полициясына тіркелгеннен кейін, салық органынан жеке сәйкестендіру номерін алып, алдын-ала 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлейді. Сонымен қатар, міндетті түрде жұмыс берушімен еңбек келісімін жасап, ай сайын 3700 теңге салық төлеуге міндетті. Ал кез-келген жеке тұлға үй шаруасына, бала күтуші, аула тазалаушы ретінде немесе құрылысқа ендігіде 5 адамнан артық жалдай алмайды. Айта кетсек, өткен жылы ел шекарасынан 174 мың еңбек мигранты өткен екен.