Жолы болмаған ұрылар - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолы болмаған ұрылар

Жолы болмаған ұрылар

Тараздағы сауда орталығына қарақшылық шабуыл жасалды. Алайда, елдің үрейін алғаны болмаса, қаскөйлердің арам ойы жүзеге аспай қалды.

  • 7 Қаңтар 2014
  • 208
Фото - Caravan.kz


Бет-ауызын тұмшалаған 3 адам орталықтағы «Метроном» дүкеніне басып кірген. Мұнда қашанда абыр-сабыр адам, қызу сауда. Кіріп-шыққандардың қимыл-қозғалысын бейнекамера бақылап отырады. Бірақ, қарақшылар соған қарамастан кассаны тонамақ болыпты. Кірген бойда күзетшімен жаға жыртысқаны таспада анық көрінеді. Кейін көпшіліктің зәресін ұшырған 3 ұрыны сауда нысанында жүрген қаржы полицейлері кездейсоқ қолға түсірген. Қазір қарақшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жолы болмаған қарақшылар тергеу абақтасына қамалды. Арасында кәмлет жасына толмаған жасөспірім де бар.