— Адамдар құтқарыңдар! Жемқорлыққа жол бермейік.
Қара шаңырағынан қол үзе жаздаған отағасы Ақтаудың басты алаңында қарсылығын осылай білдірді. Қолына бір құшақ құжат алып әкімдікке тартқан ол, сол жерде өзін тірілей жағып жібермекке әрекеттенді. Әңгіменің әлқиссасы мынада, Қырғызстаннан қоныс аударған Марковтар 2005 жылы 7 сотық жерді 3400 долларға сатып алған. Бастарында азаматтықтары болмағасын қолхатпен уағдаласып, үй де салып тастапты. Бірақ қазіргі құны 60 мың долларды құрайтын қара жерге бұрынғы қожайыны көз алартып құнын даулап жүр екен.
Дмитрий Марков, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Ордин Борис келіп жер қымбаттағандықтан жер телімін менің атыма аудару үшін тағы 20 мың доллар төлеуімді талап етті. Бірақ басында уағдаласқан құнды мен қолына берген едім. Аяқ асты өзгеріп шықты. Маған тек ақша керек деп отыр.
Осылайша азаматтық алып, жер телімін рәсімдей барғанда қожайыны айнып қалған. Ал Дмитрий сотқа шағымданыпты. Алайда 4 жыл бойы жүрген тергеу, оның қолындағы қолхатты жарамсыз деп тапты. Бірақ жерді қайтарып бермеймін деген 5 баланың әкесі алған бетінен тайынбақ емес.
Талғат Әлібаев, Ақтау қаласының прокуроры:
-Бұл сұрақтар алаңда шешілмейді, барлығын сот арқылы қарастыру керек. Марковтар үшін барлығы сонша нашар деп айта алмаймын, қолхат арқылы Жоғарғы сотқа шағымданса болады.
Ақтаудан әділдік таппаған отағасы шайлығына жетпейтін айлығын адвокат атаулыға бөліп беруден қажығанын айтады. Сондықтан бел кеткенше бекініп үйінде жатпақ. Егер жерін тартып алуға келетіндер болса отбасымен үйінде қамалып алып, өрнетіп өлеміз деп отыр.