Жыл басындағы коммуналдық апатты ауыздықтау оңайға соққан жоқ. -35 градустық қақаған аязда жарылған құбырды бекіту ұзаққа созылды. Салдарынан Есілдің оң жағалауындағы прокуратура, банк, медициналық мекемелер мен жүздеген үй ауыз сусыз қалды. Сондай-ақ, жолдар жабылып, жұрт әкімшілік ғимараттарға, ал науқастар емханаға жете алмай әбігерге түскен. Оның үстіне жайылған су лезде қатқандықтан, көше көк мұзға айналып кетті. Ал қолда бар техникасын жұмылдырғанымен «Астана су арнасы» құбырдағы ақауды тек кешке таяу қалпына келтірді.