Заң қабылдау процедурасына орай заң жобасы одан әрі қаралу үшін сенатқа жіберіледі.
Алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа сілтеме жасай отырып хабарланғандай, заң жобасында дәйектер алу үшін қинау мен мәжбүрлеуге тікелей тыйым салынған.
Заң жобасында көзделген нормаға орай полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қауіп төнген жағдайда атыс қаруын пайдалану құқына ие болады.
Заң жобасында мемлекеттік наградалары бар қызметкерлерге қызметтен босағанда алатын жәрдемақы көлемін арттыру, өз міндеттерін орындау кезінде қаза болған не мүгедектікке ұшыраған қызметкерлердің балаларына мемлекеттік білім беру және жоғары оқу орындарында кезектен тыс орын беру нормалары көзделген.