Монополияға қарсы агенттігі Кcell-ге 10 млрд теңгеге кінәрат тағып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монополияға қарсы агенттігі Кcell-ге 10 млрд теңгеге кінәрат тағып отыр

Монополияға қарсы агенттігі Кcell-ге 10 млрд теңгеге кінәрат тағып отыр

Қазақстанның монополияға қарсы агенттігі бәсекелестік туралы заңды бұзғандығы үшін ұялы байланыс операторы Кcell-ге 10 млрд теңгеге кінәрат қойып отыр.

  • 22 Қаңтар 2014
  • 367
Фото - Caravan.kz

Азамат Ж.Әкішовтың арызы негізінде агенттік жүргізген тергеу нәтижелері "Ксеll" АҚ "әрдайым байланыста" қызметін тықпыштау үшін басым жағдайын пайдаланды, деп бағалануда.

Бұш шағым Алматының арнайы ауданаралық сотында қаралады.

Хабарламада атап өтілгендей, ұялы байланыс рыногында доминант бола отырып Ксеll абоненттердің келісімінсіз "әрдайым байланыста" делінген қосымша қызмет үшін ақша алып отырған.

"Ксеll" тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасады, яғни "Бәсекелестік туралы" заңды бұзды, деп бағаланып отыр.