Канадалық Global Cobalt Алтайда полиметалдардың ірі кен орнын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канадалық Global Cobalt Алтайда полиметалдардың ірі кен орнын ашты

Канадалық Global Cobalt Алтайда полиметалдардың ірі кен орнын ашты

Канадалық Global Cobalt Corp компаниясы Алтай республикасында полиметалдардың кен орнын ашты, рудасы бар қабаттың қалыңдығы 3 метр, делінген компанияның хабарламасында.

  • 22 Қаңтар 2014
  • 699
Фото - Caravan.kz

Кен орны Қош ағаш селосынан 80 шақырым жерде. Рудасы бар қабат 221 метр тереңдікте.

Компанияның зерттеулеріне қарағанда руданың 1 тонна құрамында шамамен 1% кобальт пен вольфрам, 3% аса мыс, 0,4% висмут және 52 грамм күміс бар.

"Түсті металдар құрамының жоғары екендігін сульфидті минерализацияның сыртқы сипаттамасы растап отыр", деді компанияның барлау жөніндегі вице-президенті Пол Саржент.

Global Cobalt 100 пайыз өнімді тасымалдау туралы Қытаймен алдын-ала келісім жасасты және Пекин тау -кен ісі және металлургия ғылыми-зерттеу институтымен арада келісімге қол қойды.