2013 жылдың көрсеткіштері бойынша, әлеуметік-экономикалық даму қарқыны жоғары өңірлер қатарына Бесқарағай, Аягөз, Абай, Тарбағатай, Шемонаиха және Үржар аудандары жатқызылды.
Семей мен Өскемен қалалары және Жарма, Бородулихинск, Зайсан, Қатон-Қарағай және Күршім аудандарының даму қарқыны орташа деп бағаланды.
Отырыстың қорытындысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңір жетекшілерін өткен жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, осы көрсеткіштерді одан әрі арттыруға жұмыла жұмыс істеуге шақырды.