Британия армиясын 1400 адамға қысқартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британия армиясын 1400 адамға қысқартпақ

Британия армиясын 1400 адамға қысқартпақ

Бүгін Ұлыбритания Үкіметі қорғаныс шығыстарын қысқарту бағдарламасы аясында  шамамен 1400 әскери қызметшіні әскер қатарын шығару туралы шешімін жария етпек, деп хабарлады ВВС.

  • 23 Қаңтар 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz

Таратылған ақпараттарға қарағанда, әскер қатарынан шығарылатындардың басым бөлігін өз еркімен кететіндер құрайды. Айта кетерлігі, Ауғанстанда қызмет етіп жатқан жауынгерлерге қысқарту шарасы жүрмейді.

Ұлыбритания қарулы күштерін  қайта құрылымдау бағдарламасы 2010 жылдан бері жүзеге асырылуда. Тұрақты армия саны 100 мыңнан 80 мыңға дейін қысқаратындығы жоспарланған.