Иран президенті Хасан Рухани Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда осылай деп мәлімдеді.
«Соңғы кезде Иран мен АҚШ қарым-қатынасы жаңа кезеңге аяқ басты. Екі елдің саясаткерлері келіссөздер жүргізді, ядролық қару мәселесіне қатысты қарама-қайшылықтарды жою туралы пікір алмасты және шешімдер қабылдады», — деді Х.Рухани.
«Бұл Ислам төңкерісі мен Ислам республикасы орнағалы бері болып отырған маңызды оқиғалардың бірі», — деді ол.
Халықаралық «алтылық» өкілдерімен бекітілген келісім Тегеранның Еуропа елдерімен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп қосты Х.Рухани.