М. Өтелбаев ұсынған Навье-Стокс теңдеуінің шешімін еріктілер ағылшын тіліне аударуда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М. Өтелбаев ұсынған Навье-Стокс теңдеуінің шешімін еріктілер ағылшын тіліне аударуда

М. Өтелбаев ұсынған Навье-Стокс теңдеуінің шешімін еріктілер ағылшын тіліне аударуда

Қазақстан ғалымы Мұхтарбай Өтелбаев ұсынған Навье-Стокс теңдеуінің шешімін еріктілер ағылшын тіліне аударуда, - деп хабарлады New Scientist. Ағылшын тіліне аудару халықаралық математикалық қоғамдастық өкілдерінің теңдеудің шешуін бағалауы үшін қажет.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 1040
Фото - Caravan.kz

"Жылдар бойы Навье-Стокс теңдеуін шешудің бірнеше нұсқалары ұсынылды, алайда олардың бірде-бірі дұрыс болмады", — деді ғалымдарға проблеманың ресми тұжырымын жазған Принстон университетінен Чарльз Фефферман.

"Мен орыс тілін білмеймін. Қазақстандық ғалымдар ұсынған теңдеу шешімі аударылмағанша, мен ештеңе айта алмаймын", — деді ол.
Қазіргі сәтте Массачусетс технологиялық институтының ғалымы Миша Вулфсонның жетекшілігімен еріктілер тобы Өтелбаев ұсынған Навье-Стокс теңдеуін ағылшын тіліне аударуда.

Миша Вулфсон орыс тілін меңгерген, бірақ ол дәл қазіргі сәтте қазақстандық ғалым ұсынған Навье-Стокс теңдеуінің шешілу барысын ғылыми тұрғыдан бағалай алмайды. «Мен орыс тілін және математиканы жақсы білгеніммен, аталмыш теңдеудің ұсынылып отырған шешіміне қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын», — дейді Вулфсон. 



Миссурий университетінің ғалымы Стивен Монтгомери-Смит те Мұхтарбай Өтелбаевтың жұмысымен танысып, оны аудару ісіне өзінің ресейлік әріптестерін тартты. «Оқып үлгергендерімді қарасам дұрыс тәрізді. Алайда, мен теңдеу шешімінің дәлелін көре алғаныма сенімді емеспін», — дейді ол.

Еске сала кетейік, Ұлттық ғылыми академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаев «мыңжылдық проблемаларының» қатарына жататын Навье-Стокс теңдеуін шешкен болатын. Еуразия ұлттық униерситетінің профессоры оны баспаға шығарып, жұрт назарына ұсынған. Бұл есептің шешімін тапқанға Клэй институты бір миллион доллар сыйақы жариялаған болатын.