Темекісін жерге тастаған астаналық 4 тәулікке қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Темекісін жерге тастаған астаналық 4 тәулікке қамалды

Темекісін жерге тастаған астаналық 4 тәулікке қамалды

Елордада қоғамдық орында темекі тұқылын тастаған студент төрт тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz


Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқитын жігіт көпшілік жерде темекінің қалдығын жерге тастай салған. Астана қаласының әкімшілік соты ҚР ӘҚК 330 бабына сәйкес, ұсақ бұзақылық жасаған бұл азаматты төрт тәулікке қамады.
Ол 2012 жылы дәл осындай бұзақылық жасап, айыппұл төлеген екен.