Олимпиада-2014: чемпиондарға метеориттен жасалған медаль табыс етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада-2014: чемпиондарға метеориттен жасалған медаль табыс етіледі

Олимпиада-2014: чемпиондарға метеориттен жасалған медаль табыс етіледі

15 ақпан күні Сочи Олимпиадасының чемпионына Шұбаркөл метеоритінің бөліктерінен жасалған естелік медаль табыс етіледі. Мұндай шешімді Ресейдің Челябі облысының мәдениет министрлігі қабылдады.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 347
Фото - Caravan.kz


Қолда бар мәліметтерге қарағанда, қазір медальдар суретші Артем Жариковтың сызбасы бойынша Златоуст қаласындағы «Маок» шеберханасында дайындалып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, дәл осы күні бір жыл бұрын Златоуст қаласына Ресей жеріне құлаған метеориттің қалдықтары әкелінген болатын. Облыстық мәдениет министрлігінің хабарлауынша, 50 медальға тапсырыс берілді. Оның 10-ы Сочи Олимпиадасының чемпиондарына берілсе, қалғаны мұражайға жәдігер ретінде қойылады, деп жазады egemen.kz.