Таиландта ұзаққа созылған суықтан 63 адам ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиландта ұзаққа созылған суықтан 63 адам ажал құшты

Таиландта ұзаққа созылған суықтан 63 адам ажал құшты

Соңғы он жыл ішінде Таиландта күз және қыс айлары  қатты суытып тұр.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 226
Фото - Caravan.kz

 Қазір ұзаққа созылған суықтың кесірінен елдің 27 провинциясында 63 адам мерт болған. Бұл туралы корольдіктің метеорология департаменті хабарлайды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Аталмыш ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың 22 қазанынан бері ажал құшқандардың басым көпшілігі — ер адамдар. «Көптеген жағдайларда адамдардың өлімге ұшырауының негізгі себебі — олардың тым қатты тоңуы салдарынан сырқатқа ұшырауы немесе ауруларының асқынып кетуінен болып отыр», — деп хабарлады аталған мекеменің өкілдері.

Ауа райын болжаушылардың хабарлауынша, солтүстік және солтүстік-шығыс провинцияларда ауа температурасы түнгі уақытта төрт градус Цельсийге дейін төмендейді. Корольдіктің орталық аймағында да күн райы тым суық. Бангкокта 23 қаңтар күні таңертең  ауа температурасы +15,6 C°-ді көрсеткен. Таиланд астанасында ауа температурасының бұлайша төмендеуі соңғы 30 жылда алғаш  рет байқалып отыр. .    

Тропикалық өлкенің тұрғындары енді әсіресе, таңертеңгілік уақыттарда жылы күртешелері мен бас киімдерін киіп жүруге мәжбүр.