«Барселона» футбол клубының президенті Сандро Россель отставкаға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барселона» футбол клубының президенті Сандро Россель отставкаға кетті

«Барселона» футбол клубының президенті Сандро Россель отставкаға кетті

Испанияның «Барселона» футбол клубының президенті Сандро Россель ресми түрде өзінің отставкаға кететіндігін мәлімдеді.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 219
Фото - Caravan.kz


Мұндай шешімді Россель сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалжан кейін қабылдады. "Барселона" ФК президенті бразилиялық шабуылдаушы Неймардың трансфері кезінде шамамен 40 млн. еуро пара алды деп айыпталуда. Сәрсенбі күні Мадрид соты «Барселона» президентіне қатысты істі қарау шешімін қабылдады.
Испанияның БАҚ мәліметтері бойынша, шын мәнінде Неймар үшін 40 млн. еуро емес, 95 млн. Еуроға жуық төленген.
Каталон клубының президентінің міндетін уақытша вице-президент Хосе Мария Бартомеу атқарады.