Фариза Оңғарсынованың көңіл тебірентерлік өлеңдері қазақ халқының жүрегінде сақталады– Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фариза Оңғарсынованың көңіл тебірентерлік өлеңдері қазақ халқының жүрегінде сақталады– Назарбаев

Фариза Оңғарсынованың көңіл тебірентерлік өлеңдері қазақ халқының жүрегінде сақталады– Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақын Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 3390
Фото - Caravan.kz

«Фариза Оңғарсынованың қаламынан шыққан көңіл тебірентерлік өлеңдер қазақ халқының жүрегінде мәңгілік сақталады. Оның туындыларында авторға тән өр мінез, мақсатсүйгіштік, оның дарының асқан шеберлікпен адамның ішкі жан дүниесіне жол таба білетіні байқалады.

Қазақстан халқы осындай асқақ ақиық ақын, тамаша журналист, еліміздің көрнекті қайраткерін жоғары бағалайды», — делінген жеделхатта.

Ақын қоғамды дамытуға қосқан орасан зор үлесі үшін жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Н.Назарбаев ақынның аты өлмейтінін, оның туындылары қазақ халқының мәңгілік есінде сақталатынына сенім білдірді.

Ақынның  КТК арнасы, Жүрекжарды бағдарламасына берген сұхбаты  
Фариза Оңғарсынова (04.09.2011)
   )Сайттың оң жақ жоғарыда орналасқан күнтізбедегі  видеомұрағатта)