Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев осылай айтты.
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуге жергілікті өзін-өзі басқару органдары белсенді түрде қатысуы тиіс, ал оны жүзеге асыруға халықты кеңінен тарту керек», — деп тоқталды ол.
А. Шпекбаевтың сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда өзара жауапкершілік қана тиісті көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Барлық реформалар Қазақстан халқының полицияны тек күш-құрылым немесе жазалаушы қызметтермен өкілетті қудалау органы ғана емес, бірінші кезекте өзінің әлеуметтік серіктесі ретінде қабылдауына бағытталған», — деді ол.
А. Шпекбаевтың айтуынша, жаңғыртудың кезекті кезеңі «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырумен байланысты. Осы орайда 2020 жылға қарай жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес құқық қорғау жүйесін құру мақсат-міндеті жүктеліп отыр.