Еліміздің оңтүстігінде Қырғызстан азаматынан жүз шақты сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің оңтүстігінде Қырғызстан азаматынан жүз шақты сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді

Еліміздің оңтүстігінде Қырғызстан азаматынан жүз шақты сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді

Жамбыл облысындағы «Қордай» кеден бекетінде елімізге 1,3 келі гашиш алып өтпек болған Қырғызстан азаматы қолға түсті.

  • 6 Ақпан 2014
  • 624
Фото - Caravan.kz

Облыстық Кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел өткен сәрсенбі күні халықаралық «Қабылан» кеден операциясы барысында құрықталған.

«Тексеру барысында әйелдің қол сөмкесі мен денесінен 96 сіріңке қорабына нығыздап салынып, скотчпен оралған қара-қоқшыл түсті, спецификалық иісі бар зат табылды», — делінген хабарламада.

Сараптама оның «гашиш» екенін растап берді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1308 грамм.


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.