Шымкент халқын жылумен қамсыздандыру үшін газдан 17 өнеркәсіптік кәсіпорын ажыратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент халқын жылумен қамсыздандыру үшін газдан 17 өнеркәсіптік кәсіпорын ажыратылды

Шымкент халқын жылумен қамсыздандыру үшін газдан 17 өнеркәсіптік кәсіпорын ажыратылды

Газ жетіспегендіктен Шымкенттің 17 өнеркәсіптік кәсіпорны газдан ажыратылды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.

  • 6 Ақпан 2014
  • 695
Фото - Caravan.kz

"Кеше отыздан аса кәсіпорын газ бойынша шектеу енгізді, оның 17-і газдан толықтай ажыратылды", деді ол.

Шектеу шаралары арқасында Шымкент тұрғындары үшін қосымша 9 мыңнан аса текшеметр газдың берілуіне қол жеткізілді, деді ол.

Б.Жанбосыновтың айтуынша, қазіргі уақытта Шымкенттің көп қабатты үйлерін жылумен қамсыздандырушы жылу электр станциясы –3 сағатына керекті 60 мың текшеметрдің орнына 20 мың текшеметр алып отыр.

Алдында хабарланғандай, жексенбіде Өзбекстан Қазақстанға беріліп отырған газдың көлемін 430 мың текшеметрден 120 мың текшеметрге дейін азайтқан болатын.


"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның баспасөз қызметінен атап өткендей, Өзбекстан қазіргі уақытта Қазақстанға газдың берілуін қалпына келтіруде.

Газдың берілмей қалуына Өзбекстанда қатты аяз салдарынан газ құбырындағы апат себеп болған.