Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға келді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға келді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау өңіріне келді.

  • 6 Ақпан 2014
  • 580
Фото - Caravan.kz


Елбасы  Атырауда ашылған химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барады деп жоспарланған. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытындағы құрылысы жүріп жатқан, хош иісті көмірсутектерін — жылына 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол шығаратын мұнайды тереңдете өңдеу кешенінде болады, деп күтілуде.