2014 жылы мемлекет Алматы шаһарына қанаттас қалалар салуға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы мемлекет Алматы шаһарына қанаттас қалалар салуға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

2014 жылы мемлекет Алматы шаһарына қанаттас қалалар салуға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

014 жылы «Алматы облысында Алматы шаһарына қанаттас 4 қала салу» жобасын жүзеге асыруға бюджеттен 8,05 млрд теңге бөлінді. Бұл былтырғы қарастырылған қаржыдан 50 пайыз артық, деп бейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Аймақтық даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

  • 6 Ақпан 2014
  • 664
Фото - Caravan.kz

«2013 жылы бөлінген 5,4 млрд теңге жоба жөніндегі өкілетті орган – «Алатау» АҚ қорландыру үшін Алматы облысы әкімдігіне берілген болатын», — деді Б.Жәмішев.

Биылғы қаражат жылумен, газбен, электр қуатымен және сумен қамсыздандыру жобаларын іске асыруға, жол инфрақұрылымдарын салуға жұмсалмақ.

«Қоянқұс» елді мекенін энергиямен қамту нысандарын салуға (тұңғыш «Gate City( қанаттас қаланың бірінші кезегі) қажетті қаражат толық бөлінді. Биыл электр қуатын тарататын желілер құрылысын бастау көзделіп отыр», — деді министр.

Сонымен қатар, газ тарату желілерінің алғашқы кезегінің құрылысы аяқталды.

G4 City жобасы 2008 жылы жүзеге асырыла бастаған болатын. Осы уақыт аралығында бюджеттен 4 қанаттас қаланы дамытуға қажетті алғышарттарды (бас жоспар, жобалық-сметалық құжаттар, жобалау, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар тарту) қалыптастыруға 28,2 млрд теңге жұмсалған.

2013 жыл соңында 4 нысанның құрылысы аяқталып, оның екеуі мемлекеттік комиссияның актісін алды. Сонымен қатар, «Ынтымақ» су жинау кешені салынып бітті.

Қазіргі таңда «Қоянқұс» қосалқы станциясын қайта қалпына келтіру жұмыстары мен «Қоқпа-1» қосалқы станциясының құрылысы, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральді газ құбырларының іске қосу кешені құрылысы аяқталуға жақын. Сағатына 200Гкал жылу беретін қазандық құрылысы басталды.

Серіктес қалаларды салу туралы шешім 2006 жылы қабылданған болатын. Олар шаһардан солтүстік бағытқа қарай, Алматы-Қапшағай тас жолының бойына салынады. 2007 жылы президент тарапынан мақұлданған жоба 2008-2010 ждылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй салу бағдарламасына енгізілді.


Ең бірінші серіктес қала – Gate City яғни, Қала қақпасы деп аталады. Халықаралық бизнес орталығы ретінде жоспарланған қала Алматы-Өскемен тас жолы мен Алматы үлкен айналма жолының қиылысында, Первомай елді мекені аумағында орналасқан. Екінші қала – Golden City, яғни, Алтын қала – Дмитриев көпірі аумағына салынады. Ол тұрғын үй аймағы рөлін атқармақ. Николаев көпірі аумағынан бой көтеретін үшінші – Growing City, яғни, Дамушы қала өнеркәсіп орталығына айналуы тиіс. Қанаттас қалалардың төртіншісі – Green City. Аты айтып тұрғандай, Жасыл-желекті қала Қапшағай су қоймасы жағасына салынып, туризм орталығына айналмақ.