Миллиондаған теңгенің тауары жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Миллиондаған теңгенің тауары жанып кетті

Миллиондаған теңгенің тауары жанып кетті

Алматы іргесінде көліктің қосалқы бөлшектері сақталған қойма өртенді. Тілсіз жау әп-сәтте 900 шаршы метр аумаққа таралған.

  • 7 Ақпан 2014
  • 233
Фото - Caravan.kz


Алғабас елді-мекенінде орналасқан қоймадағы өрт туралы хабар таңғы сегіздер шамасында түсіпті. Өрт сөндірушілер келгенше қойманың қожайыны заттарын алып шығуға тырысқан. Бірақ өршіген қызыл жалын оған мұрша бермесе керек. Ал 3 арнайы техникамен келген 14 қызметкер қоймадағы қызыл жалынды үш жарым сағатта әрең ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. Дегенмен көліктің қосалқы бөлшектеріне толы нысанның түгі қалмай күлге айналған. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп, жалынның шығу себептері анықталуда.