Бакуден Астанаға 2 қазақстандық азамат экстрадицияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуден Астанаға 2 қазақстандық азамат экстрадицияланды

Бакуден Астанаға 2 қазақстандық азамат экстрадицияланды

ҚР Бас прокуратурасы, ІІМ және Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) біріккен жұмысы нәтижесінде халықаралық іздеуде жүрген М.Раимов және Е.Шушкова Бакуден Астанаға экстрадицияланды.

  • 7 Ақпан 2014
  • 334
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бакуде «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма прокуроры Мадьяр Баратов мәлімдеді.

М.Баратовтың сөзіне қарағанда, экстрадицияланған М.Раимов ҚР ҚК 192 бабы бойынша «жалған кәсіпкерлікпен айналысты, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірді» деп айыпталып, Қаржы полициясы оған іздеу жариялаған болатын.

Ал Е.Шушкова ҚР ҚК 175 бабы бойынша(жеке меншікке қарсы қылмыс) бойынша айыпталып, ҚР ІІМ-нің іздеу салған азаматтарының қатарына кірген.


Екеуі де Әзірбайжан аумағында Әзірбайжан құқық қорғау органдарының қолына түсіп, Қазақстанға қайтарылды.