«Президент бұл мәселені жан жақты қарастырып, халықпен талқылау қажеттігін айтты», — деп ол бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеді.
Депутат қазіргі кезде осы мәселе бойынша референдум өткізу қажеттігі жоқ екенін мәлімдеді.
Ол бұған референдум өткізу міндетті емес деген пікір білдірді. Бұл мәселе қоғаммен, зиялылармен, жоғары оқу орындарының қызметкерлері арасында, парламентте талқылануы мүмкін екенін айтады.
Бейсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу кезінде Қазақстанды Қазақ елі деп атау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.