Павлодар облысында малдың індетке ұшырауы тіркелді, мал құтыру ауруына шалдыққан сыңайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында малдың індетке ұшырауы тіркелді, мал құтыру ауруына шалдыққан сыңайлы

Павлодар облысында малдың індетке ұшырауы тіркелді, мал құтыру ауруына шалдыққан сыңайлы

Павлодар облысында малдың індетке ұшырағандығы фактілері тіркелуде.

  • 7 Ақпан 2014
  • 841
Фото - Caravan.kz

"5-ақпан күні ауданның ветеринария бөлімінен түскен ақпаратқа қарағанда, үш село округінде мал құтыру ауруын жұқтырған секілді, сондай күдік бар" , деп хабарлады жұмада ТЖ облыстық департаментінен.

Алдын-ала ақпаратқа қарағанда, екі сиыр, бір жылқы және бір қой шығын болып отыр. Малдың басы тексерілу үшін Павлодарға облыстық ветеринарлық лабораторияға жөнелтілді.

Құтыру – жұқпалы вирустық ауру, ол мал мен адам бойында өзіне тән ерекше энцефалитті (бас мидың қабынуы) туғызуы ықтимал. Адам бұл аурудан әдетте өліп кетеді.