Сауалнама қорытындысына сәйкес, ерлердің көбісі (34%) әйелдерге гүл, 19% – иіссу мен косметика түрлерін, 12% – тұрмыстық технику мен заманауи гаджеттер, 11% – сыйлық сертификаттар, 4% – әшекейлер мен бағалы бұйымдар, 2% – туристік жолдама, 0,5% – көлік, 4% — басқа нәрселер сыйлайды.
Респонденттердің 13,5%-ы мүлде сыйлық тарту етпейді.
Сауалнамаға қаржы саласының 24 пен 60 жас аралығындағы қызметкерлері қатысқан.
Ал, Қазақстан әйелдерінің ең қалаулы сыйлығы гүл екен. Респондент әйелдердің 51% гүл алғанды жақсы көретінін мәлімдеген.
Одан кейінгі орында иіссулар мен косметика (19%), үшінші орында – әшекей бұйымдар (11%), төртінші сыйлық сертификаттар (8%), бесінші орында тұрмыстық техника мен гаджеттер, содан кейін туристік жолдама (3%), делінген хабарламада.