ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сейсенбі күні таңертең бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан. Салдарынан газ баллон жарылып, үйдің шатыры өртене бастаған.
Жалын 1013 шаршы метр аумақты шарпыған. Барлығы 350 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.