Атырау облысының инвестициялық әлеуеті БАӘ-де таныстырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысының инвестициялық әлеуеті БАӘ-де таныстырылады

Атырау облысының инвестициялық әлеуеті БАӘ-де таныстырылады

Бүгін Шарджа әмірлігінің (БАӘ) Сауда-өнеркәсіп палатасында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 16-шы жеке сектор форумы өз жұмысын бастады.

  • 19 Наурыз 2014
  • 708
Фото - Caravan.kz

Бұл шара жыл сайын Шарджа басқарушысы шейх Сұлтан бин Мұхаммед әл-Кассимидің жеке патронаждығымен өтеді. Биылғы жылы бірінші рет аталған шараға қатысуға Қазақстаннан Атырау облыстық әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Лариса Жұмағалиева бастаған топ келді.

Атыраулық өкілдер араб елінің іскерлер ортасында Атырау облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстармақ ниетте. Бұл шара 23 наурыз күні Шарджаның Сауда-өнеркәсіптік палатасында өтеді.

Л.Жұмағалиеваның сөзіне қарағанда, Атырау облысында инвестициялық жағдай мен шетелдік инвесторларға тиімді жағдайлар жасау үшін жаңа ұйым — «Atyrau innovations» құрылған. Ұйымның басты мақсаттарының бірі — шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлерге жедел және сапалы көмек көрсету.

Сонымен бірге, Атырау облысының басшылығы жалпы аумағы 3476 га болатын «Ұлттық индустриалдық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Атырау облысы әкімдігі бөлімі басшысының пікірінше, әмірлік инвесторларын Қазақстанның батысындағы экономикалық мүмкіндіктер қызықтыруы мүмкін.