Қазғарыш 2014 жылы KazSat-4 құру жұмысын бастауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазғарыш 2014 жылы KazSat-4 құру жұмысын бастауға дайын

Қазғарыш 2014 жылы KazSat-4 құру жұмысын бастауға дайын

Қазақстан биыл KazSat-3 ұшырғаннан кейін KazSat-4 телекоммуникациялық спутнигін құру жұмысына кірісуі мүмкін.

  • 19 Наурыз 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

«Біз бұл жұмысты биыл KazSat-3 ұшырғаннан кейін бірден бастаймыз. Сіздер білесіздер, аппаратты пайдалану мерзімі келісімшартқа қол қойғаннан кейін кемінде төрт жыл», — деп Қазғарыш басшысы бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігімен сұхбатында мәлімдеді.

Әріптестік үшін қандай компаниялар қарастырылуда деген сұраққа ол, «бізде қазір бізбен бірге осындай спутник дайындау мүмкіндігін беретін кәсіпорындар, тіпті мемлекеттер баршылық. Мәселе шешілгенге дейін біз жақсы ұсыныстарды қарастырамыз. Бізде үміткерлер ресейліктер, итальяндықтар, француздар және басқалар», деп жауап берді.

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ вице-президенті Бауыржан Құдабаев «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мәлімдегендей, спутник Астанада құрылып жатқан ғарыш аппараттар жинақтау-сынау кешенінде дайындалуы мүмкін екенін мәлімдеді.