Гастарбайтерлер мінген автобус өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гастарбайтерлер мінген автобус өртеніп кетті

Гастарбайтерлер мінген автобус өртеніп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында жолаушыға лық толы шағын автобус өртеніп кетті. Ішінде Өзбекстан азаматтары отырған.

  • 20 Наурыз 2014
  • 201
Фото - Caravan.kz


Қайта жүргізуші дер кезінде тоқтап, салондағы 10 адам сыртқа шығып үлгерген. Отқа оранған минивэннің артында қосымша тіркемесі де болыпты. Ол да көліктің өзі секілді санаулы минутта түгелдей өртке оранды. Машинаның алаулап жатқанын көрген өзге көліктер тоқтап, өшіруге тырысқан. Бірақ, күш алған тілсіз жау бой бермеді. Өрт көліктің электр сымдарынан тұтануы мүмкін. «Кәсіп қылам» деп Қазақстанға келген ала шапандылар аяқ асты осылайша көлігінен айрылды.