Шымкентте кішкентай бүлдіршін дәретханаға құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте кішкентай бүлдіршін дәретханаға құлап кетті

Шымкентте кішкентай бүлдіршін дәретханаға құлап кетті

Оқиға қала орталығындағы жер үйлердің бірінде болған. Өз бетімен тысқа шыққысы келген 5 жасар бүлдіршін нәжіс толы шұңқырға түсіп кеткен. Әке-шешесі оны дер кезінде байқап, құтқарушыларды шақырыпты.

  • 20 Наурыз 2014
  • 231
Фото - Caravan.kz


-Ұзын жіптен ұста, ол беліңдегі жіптен ұстама.

-Ұстадың ба?

-Мен көтеріп шығарам, еш қорықпа.

-Жақсы қыз екен ғой бұл.

Баланы өз бетінше алып шыға алмаған ата-анасы құтқарушыларды шақырған. Көп ұзамай жеткен мамандар бүлдіршінді шұңқырдан  альпинистік құралдардың көмегімен алып шықты. Егер, тағы бірнеше минутқа кешіккенде қыз бала тұншығып қалуы әбден мүмкін екен. Аман қалған баланы ауруханаға апармай, әке-шешесінің жанында қалдырды.