БҚО-да мұздарды жарып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да мұздарды жарып жатыр

БҚО-да мұздарды жарып жатыр

Батыс-Қазақстан облысындағы шағын өзендерде алдағы аптаның басында сең жүре бастауы мүмкін. Қазір қала шетінде өзендердің сіресіп тұрған мұздарын құтқарушылар біртіндеп жаруға кірісті. Мамандар енді тасқыннан қауіптеніп отыр. Себебі, күн жылына қалса судың деңгейі кез-келген уақытта көтеріліп кетуі мүмкін.

  • 20 Наурыз 2014
  • 437
Фото - Caravan.kz

Қазір құтқарушылар қала төңірегінде мұз құрсауын болдырмас үшін, жарылыс жасайтын мамандармен бірігіп қауырт жұмысқа кірісті. Кейбір жерде мұздың қалыңдығы бір метрге жуықтайды. Оны жару үшін әдетте екі келіден артық тротил жұмсайды. Бірақ, тұрғын үйлер тиіп тұрғандықтан, мамандар оның көлемін азайтуда. Қала маңайында қазір сең жүргенде кептеліс туатын осындай 17 жер бар екен. Олардың барлығы да жарылуы тиіс. Егер мұз еріген судың жолына бөгет болса, тасқынға тосқауыл қою мүмкін емес.

Нұрлан Егінбаев,Орал қалалық ТЖБ бас маманы:

-18-ші Наурыздан бастап Орал қаласындағы щағын өзендерде жарылыс жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Кеше 5 орында жұмыс жасадық. Қазіргі кезде осы жаралыс жұмыстарын  жалғастырып жатырмыз.

Шаған, Деркөл сынды шағын өзендерде 20-28 аралығында сең жүруі мүмкін. Дәл осы күндері су деңгейі де артары сөзсіз. Ал Жайықта сірескен мұз тек бір аптадан кейін ериді деп күтілуде. Мамандардың пайымдауынша дәл осы Шаған мен Жайықтан қауіп көп. Гидрологтардың есебіне сәйкес биыл су көлемі қауіпті деңгейден асып жығылуы ғажап емес. Оның үстіне ресейдегі Ирикла су қоймасы өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп су жіберуде.   


Қадір Бисембаев,
БҚО ТЖД бастығы:

-Ирикла секундына 360 кубометр су жіберіп жатыр. Биыл тасқыннан көршілеріміз де үрейленіп отыр. Оларда су астында қалғысы келмейтіні анық.

Наурыздың 16-нан бастап Батыс Қазақстанның төтенше жағдайлар департаменті тасқынды алдын-алу үшін тәулік бойы кезекшілік жүргізуде. Егер күтпеген жерден тұрғындарды көшіру керек болса, қалада арнайы 8 орын дайындалған.