Батысқа соққан дүлей дауыл бюджетті тағы шығынға ұшыратты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Батысқа соққан дүлей дауыл бюджетті тағы шығынға ұшыратты

Батысқа соққан дүлей дауыл бюджетті тағы шығынға ұшыратты

Еліміздің осы батысындағы Атырау мен Маңғыстау облыстарында екі тәулік бойы дүлей дауыл соғып, айтарлықтай зиян келтірді. Секундына 25 метрге дейін соққан күшті жел ондаған нысанды шатырсыз қалдырған. Араларында тұрғын үйден бастап мектеп пен ауруханаға дейін бар. Дауылдан электр желілеріне дейін үзілген. 

  • 20 Наурыз 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz

Екі күн соққан дүлей желден атыраулықтар енді ес жиып, жан-жағын түгендеуге кірісті. 40-тай нысанға айтарлықтай зақым келген. Оның 20-сы көпқабатты тұрғынүй, қалғаны мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандар. Дауылда қаңбақша ұшқан шатырлар элект желілерін үзсе, кей жерлерде ауладағы көліктерді басып қалған. Қайта жапа шеккен адам жоқ.

Айгүл Сабалақова, Атырау қаласының тұрғыны:

— Ұшқан шатыр 5-6 машинаға құлады. Мынау менің көлігім. Кредитін төлеп отырмыз ай сайын. Қожайыны  келген жоқ, ешкім акт толтырмады.  

Дүние-мүлкі бүлінген жұрт енді оның өтеуін кімнен сұрарын білмей отыр. Әкімдіктегілер болса оларды сақтандыру компанияларына сілтеді.

Болатбек Омаров, Атырау облыстық ТЖД бастығы:

-Мұндай жағдай Атырау облысында бұрын да орын алды. Ең бірінші кезекте әлеуметтік нысандар қалпына келтіріледі. Айта кету керек, дауыл кезінде жеке тұрғы нүйлер мен біраз автокөлікке зақым келді. Тұрғындар дүние-мүліктерін осындай жағдайлардан сақтандырулары керек еді. Енді олардың сақтандыру компанияларына хабарласқандары жөн.



Дауылдан көршілес Маңғыстау облысы да зардап шеккен. Мұнда дүлей желден Жетібай станциясындағы аурухана мен Бейнеу ауданындағы мектептің шатыры ұшып кеткен. Коммуналдық қызмет қазір сол нысандарды шұғыл қалпына келтіріп жатыр. Ал күн райы бүгін біраз қалыпқа түсті. Дегенмен, төтенше жағдайлар қызметі бұл уақытша құбылыс екенін ескертуде. Бүгін түнде аймақта қатты жел тұрып, екпіні секундына 22 метрге дейін жетуі мүмкін.