Австралия жоғалған «Боинг-777» ұшағын тапқандығын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралия жоғалған «Боинг-777» ұшағын тапқандығын жариялады

Австралия жоғалған «Боинг-777» ұшағын тапқандығын жариялады

Австралияның Премьер-Министрі Тони Эббот елдің жерсерігі Malaysia Airways әуе компаниясының 8 наурыз күні жоғалып кеткен ұшағының қирандылары болуы мүмкін нысандарды тапқандығын жария етті, деп хабарлады Би-Би-С

  • 20 Наурыз 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz


Оның сөзіне қарағанда, қирандылар табылған ауданға ұшақ жіберілді. Айта кетерлігі, Австралия «Боинг» ұшағын оңтүстік ауданда, яғни Индонезия жағалауынан құрлықтың батысына дейінгі аралықтағы іздеу жұмыстарына басшылық жасауда.
Бұдан сәл ертерек жоғалған лайнер командирінің үйін тінту барысында авиажаттығу компьютеріндегі мәліметтер зерттеуге алынған болатын. Бұл жұмыстарға АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы араласып, Малайзия билігіне көмек көрсетуде. Болжам бойынша ұшқыш компьютор жадынан тергеу амалдарына кедергі келтіретін бірқатар файлдарды жойып жіберген.
239 жолаушысы болған ұшақты іздеу жұмыстарына қазіргі уақытта 26 ел жұмылып отыр.