Парламент еңбекақыны қорғау туралы конвенцияны ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент еңбекақыны қорғау туралы конвенцияны ратификациялады

Парламент еңбекақыны қорғау туралы конвенцияны ратификациялады

Сенат бүгін пленарлы отырысында «Еңбекақыны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 20 Наурыз 2014
  • 653
Фото - Caravan.kz

Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілген.

Бұрын хабарланғандай, мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет тұжырымдамасына сәйкес, аталмыш конвенция Женевада 1949 жылдың 1 шілдесінде Халықаралық еңбек ұйымы бас конференциясының 32-ші сессиясында қабылданды.

Конвенцияның мақсаты мемлекеттің еңбекақыны қорғау нормаларын қамтамасыз ету болып табылады.

Конвенцияға сәйкес, «еңбекақы» термині атауы мен төлем әдісіне қарамастан кәсіпкер жазбаша немесе ауызша келісімшарт бойынша жұмыскерге орындалған, немесе орындалуы тиіс немесе көрсетілген, немесе көрсетілуі тиіс еңбегі үшін төлейтін кез келген сыйақы немесе ақшалай берілетін және келісіммен немесе ұлттық заңмен белгіленетін кез келген төлемақыны білдіреді.

Конвенцияның 2-бабына сәйкес, оның ережелері еңбекақы төленетін немесе тиесілі барлық тұлғаларға қолданылады.


Сонымен қатар, конвенцияның 3-бабына сәйкес еңбекақы осы елде заңдық айналымдағы валютадағы ғана төленеді, ал шарттық міндеттемелер, қолхаттар, купондар немесе кез келген басқа түрдегі төлемдерге тыйым салынады.