Экипаждың бір мүшесі бірден табылды, оның өміріне қауіп төніп отырған жоқ.
Оқиға сәрсенбіде кешке болды. "Супер пума" тікұшағы канарлық Фуэртевентура аралының оңтүстігіндегі Хандия түбегінен оңтүстік-батысқа қарай 46 шақырым жерде құлаған.
Құтқару қызметі тікұшақтың сынықтарын тапты, жоғалып кеткен адамдар іздестірілуде, тергеу басталды.