"Жол нашар көрінгендіктен және жер тайғақ болғандықтан алдымен бір автобус кюветке түсіп кетті. Артынан келе жатқан екінші автобус тоқтап, жолаушыларды алып кетуге ыңғайланған кезде ол да кюветке түсіп кетті», деді "Интерфакс-Қазақстанға" Зеренді ауданының өрт бөлімшесінің қарауыл бастығы Радик Алмаев.
Қазір оны бірі "Камаздың" көмегімен шығарылды, екіншісі әлі сонда.
"Автобус қардан шыға алмай жатыр. Қосымша техника күтіп отырмыз», деді Р.Алмаев.
Ол автобустың тек жүргізушісі ғана қалған, жолаушылар басқа көліктермен жіберілген.