Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Чемпиондар лигасының ширек финалына соңғы болып “Манчестер Юнайтед” пен дортмундтық “Боруссия” шықты. Алғашқы матчта Юрген Клопп шәкірттеріне 4:2 есебімен жол жол берген “Зенит” Германияда сенсация жасап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

  • 21 Наурыз 2014
  • 223
Фото - Caravan.kz

Бірақ қос ойын нәтижесі бойынша ресейліктер турнирдан тыс қалды.  Ал күтпеген жерден сырт алаңда “Олимпиакостан” жауапсыз екі доп жіберіп алған манчестірліктерге жеңіс ауадай қажет болған. Соңғы кезде чемпионатта сәтсіз өнер көрсетіп жүрген Дэвид Мойес тәлімгерлері өз жанкүйерлері алдында ерледі. Шабуылда ширақ ойнаған голландиялық шабуылшы Робин Ван Перси бұл күні хэт-трик авторы атанды. 25-ші минутта пенальтиден көзге түскен ол, бірінші таймның соңында есепті еселеді. Ал үзілістен кейін айып добын шебер орындаған Ван Перси қортынды есепті орнатты.

 

Бүгін біздің арнаның көрермендері Еуропа Лигасының 1/8 кезеңі аясындағы матчтарды тікелей эфирде тамашалай алады. Португалдық “Бенфика” өз алаңында лондондық “Тоттенэмді” қабылдайды.

Англияда “Тоттенхэмді” 3:1 есебімен осыратқан португалдықтар бұл жұпта айқын фаворит. Қарытма бәсекеде кеткен есені қайтарамыз деген Тим Шервуд шәкірттері бүгін барын салмақ. “Бенфика” мен “Тоттенхэм” арасындағы тартысты сіздер біздің арнадан тікелей эфирде түңгі сағат 12-де көре аласыздар. Ал бұл матч аяқталғаннан кейін “Наполи” мен “Порту” кездесуін жіберіп алмаңыздар. 

 


Жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетіп жатқан қарағандылық “Сарыарқа” екінші жеңісіне жетті. Краснодардың “Кубань” командасын өз айдынында қабылдаған отандастарымыз 6:3 есебімен ресейліктерді жерге қаратты.

“Сарыарқа” сапында Дмитрий Самарин, Константин Макаров, Кирилл Лебедев және Владислав Лучкин сынды хоккейшілер гол авторы атанды. Ал қонақтардан Глеб Бобин, Илья Мальюшкин, Андрей Субботин көзге түсті. Төрт жеңіске дейін жалғасатын плей-офф сериясында әзірге “Сарыарқа” 2:0 есебімен алда тұр. Қарымта матчтар наурыздың 22 мен 23 де Краснодарда өтеді.