Семейде теміржол арқылы тасымалданған жанармай ұрланып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде теміржол арқылы тасымалданған жанармай ұрланып келген

Семейде теміржол арқылы тасымалданған жанармай ұрланып келген

Семейде жанармайды тонналап ұрлаған қылмыстық топ сотталды. Үш туысқан жігіт теміржолдағы машинистермен келісіп, күнделікті тасымалданатын отынды қолды қылып отырған.

  • 21 Наурыз 2014
  • 218
Фото - Caravan.kz


Небәрі екі жылда осылай 129 тонна солярка ұрлаған. Оны еш кедергісіз жанармай құю станцияларына сатып жүріпті. Кезекті жымысқы әрекеті кезінде көлік прокуратурасы үстілерінен түсіп, қолдарына кісен салды. Бұл сыбайлас-туыстармен бірге 11 машинист те сот алдында жауап берді. Белгілі болғандай, ұрылармен ауыз жаласқан диспетчерлер әр пойыздан 2 мың теңге тауып отырыпты. Ал машинистер жанармайдың әр литрына 45 теңгеден алған. Елуден асқан топ басшысы мен оның жақындары жеті жылдан арқалап, көмекшілері шартты түрде жазаланды. Олар келтірілген шығынды енді бірлесіп өтеуі тиіс.