Семейде жолдың нашарлығынан қоғамдық көліктер сынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жолдың нашарлығынан қоғамдық көліктер сынуда

Семейде жолдың нашарлығынан қоғамдық көліктер сынуда

Семейде қоғамдық көлік иелері шығынға шаш етектен батуда. Бір тәулік ішінде шұрық-тесік жолдармен қатынаған бірнеше автобус істен шыққан. Енді иелері шығынды кімнен өтерін білмей, басы қатып отыр.

  • 21 Наурыз 2014
  • 284
Фото - Caravan.kz

Кешқұрым адамға лық толы автобус шалшық астындағы шұңқырды байқамай, басып өткен. Кейін қозғалтқышы зақымданып, тоқтап қалыпты. Автопарк басшылары көлікті жөндеуге кем дегенде 100 мың теңге кетеді дейді. Қаланың орталығынан шеткері ықшамауданға қатынайтын мына автобус та жарты метрлік шұңқырға батып қалған. Жолдың нашарлығынан көлік аударылып қала жаздапты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жолдың жөнделуінен үміт үзген жүргізушілер биліктен тым құрығанда көшені судан тазартуды талап етуде.


Қайрат Жидебаев, Автобус жүргізушісі:

— Іште 20 адамдай болды, одан да көп шығар. Соғылғандар соғылды. Жараланғаны да бар шығар. Бәрі жұмысқа асығып кетіп қалды. Жарты метрден көп мына шұңқыр. Көлік құлап қала жаздаған жоқ.  Бір шара қолдану керек қой.Сұмдық қой мынау!